941

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Қызылорда ашық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов мереке қарсаңында “Парасат” орденімен марапатталды.
Қылышбай Алдабергенұлын марапатымен құттықтаймыз. Зор денсаулық, абырой тілейміз!
Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі баспасөз қызметі.

942

943